Өмірді өзгертетін он тұжырым

Dec 2, 2024 - 06:54
 3
Өмірді өзгертетін он тұжырым
Asiainfo.kz

1. Адамдарға көз күйік болмай, іргеңді бөлек сал. Сонда кімге шын керек екеніңді бірден білесің.  

2. Егер екі адамды қатар жақсы көрсең, екіншісін таңда. Біріншісін жақсы көрсең, екіншісі пайда болмас еді. 

3. Өзгелер сен туралы не ойлайтынына ешқашан бас қатырма. 

4. Үнемі кешіріп, ұзақ төзген адам бір сәтте аяқ астынан және мәңгілікке кетіп қалады. 

5. Досың жоқ болса түк емес, бар досың шетінен сатқын болса, сол жаман. 

6. Жоспарың туралы ешкімге ауыз ашпа. 

7. Ешқашан опасыздықты кешірме. Кез келген опасыздық – сенен артықты іздеу. Артығын іздеген қолда бардың қадіріне жетпес. 

8. Адам 80% судан тұрады. Егер адамның арманы, не ұлы мақсаты болмаса, ол бар болғаны тігінен тұрған шалшық қана. 

9. Сіздің жаныңыздан табылғысы келген адамдардан теріс айналмаңыз. Басыңа күн туғанда дәл сол адам қасыңнан табылуы мүмкін. 

10. Адамдармен қандай қарым-қатынас құруды өзің ғана біл. Өйткені, өзгеге сен қалай қарасаң, оларда солай қарайды деу бос сөз. 

Зигмунд Фрейд
Аударған Шынар Әбілдә

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.