Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

«Can’t Take My Eyes Off You» яғни, «Көзімді сеннен алмаймын» деп аударылатын туынды ең алғаш рет 1967 жылы жарыққа шыққан. Боб Кру және Боб Гаудионың бірлесе отырып жазған туындысы.

Nov 25, 2024 - 10:06
Nov 25, 2024 - 10:12
 2
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Martebe.kz

«Can’t Take My Eyes Off You» яғни, «Көзімді сеннен алмаймын» деп аударылатын туынды ең алғаш рет 1967 жылы жарыққа шыққан. Боб Кру және Боб Гаудионың бірлесе отырып жазған туындысы. Тыңдармандар әннің атауын қайырмасының «I love you baby» деген алғашқы жолымен жиі шатастырады. Алғашқы орындаушысы «Four Seasons» тобының мүшесі Фрэнкли Вэлли болса да, халық Франк Синатраның орындауындағысын сүйсініп тыңдайды. Сондықтан болар көптеген адамдар әнді Синатраның туындысы ретінде қабылдап, қателесіп жатады. Аталмыш ән XX ғасырда «Billboard Hot 100» әндер тізбегінде үздік үштікке енсе, кейіннен «Алтын таспа» марапатына ие болды.

Әуезді әнді тыңдар болсаңыз,өзіңізді құдды бір американдық фильмдердегі көшелерде серуендеп жүргендей және дәл сол фильмдегі басты рөлдегі жолы болған адам ретінде сезінесіз. Әннің ырғағы тез де емес, тым баяу да емес. Құлаққа жағымды,жүрекке қонымды.

Қазіргі таңдағы техниканың дамығанының әсерінен, заманауи әндердің өңделуі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгеше. Дәл осы ән де, заман талабына сай өзінің өңделген нұсқасында жанданып, қайта өмірге келгендей. Жаңа нұсқасын тыңдасаңыз да, түрлі аспаптармен сүйемелденген ескі нұсқасын тыңдасаңыз да, еш өкінбейтініңізді айтқым келеді. Аталмыш әнді «ғұмыры ұзақ туынды» деп толығымен айта аламын. Себебі, 1978 жылдан бері бүгінгі күнге дейін «Фанатки на завтрак не остаются», «Охотник на оленей», «Сын маски», «Люцифер» секілді көптеген кинофильмдерде шырқалып, күні бүгінге дейін өз тыңдармандарын жоғалтпай келеді.

Гүлманат Райымбаева

Запись Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек впервые появилась Martebe.kz білім сайты.

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.