Гандидың нақыл сөздері
Егер бүкіл әлемде бейбітшілік болсын десек, онда бесікті түзеу керек

• Егер жүрегіңде қаталдық бар болса, онда қатал болған жақсы. Тек өзіңнің осалдығыңды зорлық жасағым келмегендіктен деп жасқама.
• Махаббат ешқашан талап етпейді. Ол барын береді. Махаббат үнемі қайғырады. Ешқашан қарсы келмейді. Өзі үшін ешқашан кек алмайды.
• Әлем әр адамның керегін қанағаттандыру үшін тым кең. Алайда, адамзат баласының сараңдығын қанағаттандыруға тым кішкентай.
• Дұға – ертеңнің кілті, өткеннің құлпы.
• Аузымда әзілім болмаса, мен баяғыда-ақ өзіме қол жұмсар едім.
• Зорлық жасамау – қорқақтықтың белгісі емес. Ол әрдайым қаһармандық.
• Ашық тайталас – көбіне алдыға жылжудың белгісі.
• Зорлықпен жеткен жеңіс жеңіліске тең, өйткені ғұмыры ұзаққа созылмас.
• Қанға қан, жанға жан деу әлемді көрсоқырлыққа түсіреді.
• Адам қателік жасау еркіндігіне ие болмаса оның азаттығы түкке тұрғысыз.
• Әлсіз адам ешқашан кешірмейді. Кешірім ету – мықтылардың қасиеті.
• Шын көңілсіз қызмет ету қызмет етушіге де, қызмет көрсетілген адамға да пайдасын тигізбейді.
• Басында олар сені елемейді. Сосын саған күледі. Артынша сенімен күреседі. Ал, содан кейін сен оларды жеңесің.
• Қорқақ сезімін білдіре алмайды. Махаббатын қастерлеу қайратты жанға тән.
Махатма Ганди
Аударған Шынар Әбілдә
What's Your Reaction?






