Сүлеймен сұлтанның өлер алдындағы үш өсиеті

Өлер алдында Сүлеймен сұлтан әскерін басқаратын бас сардарды шақырып өзінің үш өсиетін айтыпты

Nov 27, 2024 - 05:58
 1
Сүлеймен сұлтанның өлер алдындағы үш өсиеті
Сүлеймен сұлтан

Өлер алдында Сүлеймен сұлтан әскерін басқаратын бас сардарды шақырып өзінің үш өсиетін айтыпты:

1. Біріншісі, табытымды Осман Империясының аса білгір, өте мықты дәрігерлері көтерсін депті. 

2. Екіншіден, табытымды көтеріп жүрер жол бойы алтын теңге шашып, асыл тастар лақтырылып отырсын депті. 

3. Үшіншіден, табыттан екі қолымды шошайтып шығарып қойыңдар, ел көрсін депті.

Естігеніне еш сене алмай отырған сардар өсиеттің мағынасын сұрапты.

Сонда Сүлеймен сұлтан былай деп түсіндіріпті:

- Ең мықты дәрігерлер табытымды көтерсін дегенім, ажал алдында мықты дәрігерде қауқарсыз екенін ел көрсін дегенім. Мен өмір бойы жиып-терген алтын теңге мен асыл тастарымды шашыңдар деуім, осы өмірде тапқанымыз фәни дүниеде қалады дегенім. Жиналған жамағат менің қолдарымды көрсе, тіпті бүкіл әлемнің падишасы бола тұра Сүлеймен сұлтанда о дүниеге құр қол кеткеніне көз жеткізіп, өздеріне сабақ алар дегенім еді...

Аударған Шынар Әбілдә

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.