Тоқаев Аустрияның президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Oct 27, 2024 - 08:45
 7
Тоқаев Аустрияның президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады. Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.